Біздің сүйікті дәрігер

«Біздің сүйікті дәрігер-2018» байқауына қатысқан дәрігерлерді атап өтті. Дауыс беру кезеңі ағымдағы жылдың 5 қарашасында тоқталып, 6-қарашада Атырау-Ақпарат ғимаратында әділ өткізілгендігін және байқауға қатынасқан дәрігерлердің жинаған дауыстары, медицина саласына қосқан үлестері,жасаған ерен еңбектері ескеріле отырып, жеңімпаздарға жүлделі орындар және қомақты сыйлықтар, сертификаттар  табыс етілді.

Бас жүлдені Исатай ауданының Воп-дәрігері Кабулова Нұргүл иеленді. Жеңімпазға алғыс хат, ноутбук,гүл шоқтары мен естелікке мүсіндер табыс етілді.

Бірінші орын онкология диспансерінің хирург-дәрігері Шамшенов Мақсатқа бұйырды.Жеңімпазға алғыс хат,гүл шоқтары,естелікке мүсіндер және 50000(елу мың )теңгелік  сертификат табыс етілді.

Екінші орынды №1 қалалық емхана дәрігері Тәжмағанбетов Қайрат иеленді.Жеңімпазға алғыс хат,гүл шоқтары,естелікке мүсіндер және 30000(отыз мың )теңгелік сертификат табыс етілді.

Үшінші орынды Жылыой аудандық орталық аурухана дәрігер-гинекологы Алдабергенов Маратқа берілді. Жеңімпазға алғыс хат,гүл шоқтары,естелікке мүсіндер және 20000(жиырма мың )теңгелік сертификат табыс етілді.

Жүлделі орын алмаған дәрігерлерге алғыс хат,гүл шоқтары және естелікке мүсіндер тарту етілді.

Байқауқа қатынасқан дәрігерлерге қолдау көрсетіп бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары келіп, жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтап өздерінің жылы жүрек жарды лебіздерін айтып, гүл шоқтары және тағы да басқа сыйлықтарын тарту етті. Байқау  әділ және жоғары деңгейде өткізілгендігі айтылды.