Материалдық көмек

«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы және Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 4 қазанында жол-көлік оқиғасынан мезгілсіз  қазалы   қайғыға  ұшыраған  Құрманғазы  аудандық  орталық ауруханасының мейірбикесі Инаматова Тілекші Әдебиетқызының жанұясына материалдық көмек көрсетіліп және екі кішкентай 4,5 және 2,5 жастағы балаларына сыйлық  табыс етілді.