Кеше Атыраудың №2 қалалық сотында Сарыөзектегі №2 Атырау облыстық ауруханасының алты дәрігеріне қатысты үкім шықты.

Кеше Атыраудың №2 қалалық сотында Сарыөзектегі №2 Атырау облыстық ауруханасының алты дәрігеріне қатысты үкім шықты. Әріптестеріміз босанушы келіншектің өліміне әкеп соқтырған кәсіби міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін айыпталған еді.

Сот шешімімен үш айыпталушы әріптесіміздің әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты ақталды. Олардың тарапынан өздерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау фактілері расталмады.

Жалпы «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы емдеу-сауықтыру мекемелері қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау, әлеуметтік мәселелері шешу мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды басты наразда ұстап, алдағы уақыттада өз қолдауын жалғастыра береды.