«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз » атты мерекелік шара өтті

Кеше Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігінің мәжіліс залында «Senім» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалы қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен 16-желтоқсан Қазақстан Республикасы-Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз » атты мерекелік шара өтті.

Облыстың емдеу-сауықтыру мекемелерінің жетекшілері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары қатысқан салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқаумен басталды.

Жиынға қатысушы әріптестерін «Senім» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының төрағасы Майра Кашкенова айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жолдады.

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында медицина саласындағы кәсіби шеберлігі мен халық денсаулығын қорғаудағы ерен еңбегі үшін бір топ денсаулық сақтау саласының озаттары мен шеберлеріне «Кәсіподақ саласының үздігі» төсбелгілерін, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыстады. Марапат иелерінің қатарында Атырау облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясының директоры Ұлжан Мұхтарова, Мақат аудандық ауруханасының акушеркасы Гүлмира Бисаханова, «Senім» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ-нің Атырау облыстық филиалы бас маманы Жанат Қапанова, Құрманғазы аудандық ауруханасының мейірбикесі Сандуғаш Лутова, Индер аудандық ауруханасының- мейірбикесі Сәния Базарбаева және басқалар бар.

Сонымен қатар Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы,ұзақ жыл есеп-қисап жұмыстарын сауатты жүргізу, тиянақтылық пен жауапкершілігімен көзге түскен Айжан Қайсағалиеваға құрмет көрсетілді.

Шарада «Нағыз еңбек адамдары» болып саналатын медицина қызметкерлері, орта буын мамандар мен. кәсіподақ белсенділері денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі, кәсіподақтың дамуына қосқан үлесі үшін Атырау облыстық филиалының «Алғыс хатымен» марапатталды.