«ҚР Тәуелсіздігіне 30-жыл» толуына орай шахмат ойынынан Республикалық дәрежеде турнир өткізілді

«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ- Атырау облыстық филиалы, «ҚР Тәуелсіздігіне 30-жыл» толуына орай шахмат ойынынан Республикалық дәрежеде әйелдер және ерлер арасында онлайн түріндегі турнир өткізіліп, дәрігерлер қатысты. Атырау облысынан Облыстық тері-венерологиялық диспансерінің дәрігер-дерматологы Тауасаров Айдос Өмірғалиұлы, дәрігер Мухлесов Серік Зинетоллаұлы, Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері Хамитова Нұргүл Орынбекқызы, Зулкашева Сайда Уахапқызы қатысып, бақ сынасты.