«Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Атырау облыстық филиалы баршанызды еліміздің елеулі мерекесі, Тәуелсіздігіміздің 30-жылдық тойымен құттықтайды!

Отыз жылда жаңарған Қазақстанның куәгері болып келеміз. Барлық жақсылықтарды молынан болғай. 30-жылда болған өзгерістердің бірі, бұл біздің кәсіподақтың құрылып, еңбек адамдарына барынша қолымыздан келген мүмкіндіктерді жасап жатқанымыз. Осындай көзге көрінгенмен, барлық адамға жағуы қиын жұмыстарыңызда табыс тілеймін! Ойлаған істеріңізді іске асыруда ең алдымен сіздерге денсаулық тілеймін! Еліміздің Тәуелсіздігі тұғырлы болсын!