«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РКБ Атырау облыстық филиалы ұйымдастыуымен, «ҚР Тәуелсіздігіне 30жыл» толуына орай, медицина қызметкерлері арасында кіші аяқ добынан Қайырымдылық турнирі откізілді.

Шағын футбол жарысына емдеу-сауықтыру мекемелерінен 9 команда қатысты. Жарысқа қатысқан әр құрама команда 40 мың теңге көлемінде ақшалай жарнасы төледі. Жинақталған 360 000 теңге көлеміндегі қаражат мамандандырылған балалар үйінің директоры Баймуханова Райса Гильманкызына тапсырылды. Турнир сонында жеңімпаз командалар «Смағұл -Дент» -1дарежелі, «5калалык емхана» -2 дәрежелі, облыстық балалар ауруханасы 3-дәрежелі дипломдарды қанжығалады.