Атырау аумақтық Кәсіподақтар үйінде алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп облыс әкімінің «Алғыс хаттарымен» ұлғылады

2021 жылдың желтоқсанның 21-ші жұлдызында Атырау аумақтық Кәсіподақтар үйінде бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Ізтұрған Баймұханов сала кәсіподақ мүшелерін құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30-жыл» толуына орай салалық кәсіподақтар арасынан белсенді кәсіподақ мүшелерін ҚР Кәсіподақтар Федерациясының «Құрмет грамоталары» облыс әкімінің «Алғыс хаттарымен» ұлғылады.

Соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы үздік табыстары үшін, ұжым,қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, науқас жанға өмір сыйлап, күні-түні еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандар

Еркінқала дәрігерлік амбулаториясының медбикесі Шарипова Сүткенже

Атырау облыстық перинаталдық орталықтың дәрігер-гинекологы, босанғаннан кейінгі ана мен бала бірлескен бөлімінің меңгерушісі-Жұбанышев Нұрлан Сисембайұлы

Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының директоры- Орынбасарұлы Айбек

Атырау жоғары медициналық колледжінің дәрігер – оқытушысы- Кенжебаева Айгүл Әбілқайырқызы марапатталды.