Уайыс Дәулетұлы БИСЕНОВТЫҢ қайтыс болуына көңіл айтамыз

Атырау облысының медицина саласында 40 жылдай еңбек етіп, оның дамуына зор үлес қосқан КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, Атырау қалалық кеңесінің бес және облыстық мәслихаттың төрт шақырылымының депутаты болған белгілі азамат Уайыс Дәулетұлы БИСЕНОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты жан жары, мемлекеттік қызмет ардагері Роза Қобдыққызына, туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Отбасына сабыр берсін! Марқұмның жатқан жері жайы, топырағы торқа, иман байлығын беріп, жаны жәннатта болғай!

Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігі, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы