Қорытынды есебі бойынша кезекті отырыс өткізілді

2019 жылдың 11-қаңтарда 2018 жылдың қорытынды есебі бойынша кезекті отырыс өткізілді. 2019 жылдың жаңа  жұмыс жоспары және жастар жылына байланысты өткізілетін форумның жоспары мен дайындық жұмыстары, шипажайларға жолдамаға сұраныс, ұжымдық шартқа өзгеріс енгізу туралы негізгі мәселелер талқыланды. Отырыс соңында 2018 жылы бастауыш кәсіподақ ұйымының  белсенді жұмыс жасаған төрағалары, қазынашылары және мүшелері «Алғыс хатпен» марапатталды.

Барлық үздіктерге  «Senim» Денсаулық сақтау  жүйесі  жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы тарапынан қаржылай сыйлықтар тарту етілді. Филиал төрайымы Бастауыш кәсіподақ ұйымының осындай белсенді төрағаларына 2019  жұмыс жоспары бойынша  атқарылатын жұмыстарды жұдырықтай жұмылып,бірге атқарамыз деген сенімін білдірді.

Отырыс соңы естелікке суретке түсіп, керемет аяқталды.